• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Қарулы Күштері мен ҚХР-дың құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық саласында өзара іс-қимылды кеңейтетін болады

ҚР Қарулы Күштері мен ҚХР-дың құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық саласында өзара іс-қимылды кеңейтетін болады

24 Қараша, 2014 09:32
Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев пен Қытай Халық-азаттық армиясы Құрлық әскерінің бас қолбасшысы генерал-майор Чжан Цзеньшэн әскери саладағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде өткен кездесуде М. Майкеев ҚХР Халық-азаттық армиясы делегациясы  Қазақстанға сапарының жауынгерлік даярлық саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту, тәжірибе алмасу үшін маңызды  екеніне тоқталды.

Өз кезегінде генерал-майор Чжан Цзяньшэн ШЫҰ аясында өткізіліп келе жатқан оқу-жаттығулар барысында көрсетілген қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіби деңгейінің жоғарылығын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында әскери кадрлар даярлау саласындағы және әскери ғылымдағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды.

 

Барлық жаңалықтар