- Басты
- Жаңалықтар
- Байқоңыр қаласын газдандыру жұмысы басталды (Фото)
Байқоңыр қаласын газдандыру жұмысы басталды (Фото)
Шараға ҚР Премьер-Миристрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Ибулла Сердиев қатысты.
«Инвестициялық жобаға сәйкес 4 аудан орталығында (Арал, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттері) және Байқоңыр қаласында 5 автоматтандырылған газ тарату станциясы және ауыл-қалаішілік газ құбырлары желілері салынатын болады. Жобаның жалпы құны 23 млрд. теңге», - делінген хабарламада.
Шамамен 1439 шақырым газ құбыры тартылып, 81 бірлік газ тарату пунктін, 258 шкафты пункт салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде өңір халқының 190 мыңнан астамы көгілдір отынмен қамтылады. Қалаішілік, кентішілік және көше газ құбырларын салу жобасын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырады.
Бұл жоба облысты газдандыру деңгейін арттыруға, жақын жердегі кенттерді одан әрі газдандыру үшін қажетті инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, өңірдің инвестициялық тартымдылығы және газдандырылатын қалалар мен елді мекендердің әлеуметтік – экономикалық әлеуеті артады, ең бастысы тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарады. Жобаны жүзеге асыру барысында газ желісі өтетін елді мекендерден 500-ге тарта жергілікті жұмысшы тобы тартылады.
Айта кетейік, жоба аясында Арал, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттерін газдандыру жұмыстары келер жылы басталатын болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды