- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ТҮРКСОЙ-дың жұмысын тиімді жалғастыру үшін ұсыныс берді
Қазақстан ТҮРКСОЙ-дың жұмысын тиімді жалғастыру үшін ұсыныс берді
««Қазан – түрік әлемінің мәдени астанасы - 2014» Жылының жабылуына арналған салтанатты шаралар аясында Татарстан Республикасының Қазан Ратушасында Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Тұрақты кеңесінің 32-ші отырысы ұйымдастырылды. Келелі кеңес ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дюсен Қасейіновтың басқаруымен өтті. Отырыс алдында түкі тілдес мемлекеттердің мәдениет министрлері Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездескен болатын. Президент мырза кездесу қатысушыларын ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 32-ші Отырысының ашылуымен құттықтап, әңгімелесулер барысында жемісті нәтижелерге қол жеткізуді тіледі», - делінген ведомсвтоның хабарламасында.
Тұрақты кеңес кезекті отырысының күн тәртібіне есептік мерзімнің нәтижелерін қорытындылау, ұйым жұмысының алдағы кезеңіне арналған мақсаттарын айқындау мен бағдарламасын бекіту, сонымен қатар, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы мен уақытша координаторын сайлау мәселелері кірді.
Ұйымның болашақтағы жоспарларын талқылау кезінде Қазақстан ТҮРКСОЙ қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізген болатын. Нақтылай келе, қазақстандық ведомстваның басшысы алдағы 2015 және 2020 жылдар аралығындағы ТҮРКСОЙ жұмысының Стратегиясын бекітуді ұсынған болатын.
«Тиімді жұмысын жалғастыру үшін ТҮРКСОЙ ішкі тәртіптерін жүйелендіріп, бұл саладағы кемшіліктерін жоюы қажет. Ал Кеңес болса, басқарушы орган ретінде бұл жұмысты бақылап және бағыттап отыратын болады», - деді А. Мұхамедиұлы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді