• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан көпмәдениетті байланыстың алаңы ролін сенімді атқарып келеді – сарапшы

Қазақстан көпмәдениетті байланыстың алаңы ролін сенімді атқарып келеді – сарапшы

23 Қараша, 2014 15:00
Көпұлтты Қазақстан көпмәдениетті байланыстың алаңы ролін сенімді атқарып келеді, деп ағынан жарылды белорусиялық ғалым-экономист Л. Пакуш.

«Қазақи даму үлгісін күллі әлем қауымдастығы мойындады. Аз уақыт ішінде мемлекет БҰҰ толық қанды мүшесі болды. Бейбіт мемлекет ретінде Қазақстан өзін жауыпкершілігі жоғары, ядролық қаруға қарсы мемлекет ретінде көрсете білді», - деп атап өтті ғалым.

Оның айтуынша, табысты қазақстандық реформалар бірінші Президент Н. Назарбаевтың атымен байланысты. Шығыс пен Батыстың дәнекері бола отырып Қазақстан көпмәдениетті байланыстың алаңы ролін сенімді атқарып келеді.

«Президент Н. Назарбаев «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол»  халыққа Жолдауында бұған дейін жүргізілген реформаларды жалғастырды.  Және ол Ұлттық қордың қаражатын пайдалану арқылы мүмкін. ШОБ несиелендіру, өндіріс, әлеумет, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту жалғасатын болады. Жаңа экономикалық саясат мемлекеттің дамыған 30 елдің қатырына кіруіне көмектесетін болады», - деп есептейді шетелдік сарапшы.

Л. Пакуш пайымынша, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауы елде тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етеді. 

Барлық жаңалықтар