Астанада биллинг инновациялық жүйесі жүзеге асырылуда

23 Қараша, 2014 13:04
Астанада ұлттық WiFi желісі «OpenWiFi» құру аясында биллинг инновациялық жүйесін енгізу жүзеге асырылуда.

 «TheOneCapital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2010 жылдан бастап биллингтің жаңа инновациялық жүйесін жасақтаумен айналысып келеді.  Ол WiFi технологиясы арқылы ғаламторға кіруге мүмкіндік беретін ұйымдар желісі. Аталмыш желінің басты артықшылығы ғаламторға кірудің жоғары жылдамдығы мен төмен баға.

Компаниядан атап өткендей, аталмыш желіге кіруге қоғамдық алаңдар – сауда орталықтарында, қонақ үйлер мен бизнес орталықтарда жағдай жасалған. «TheOneCapital» ЖШС акциялық бақылау пакетін  «Астана Innovation» акционерлік қоғамы  сатып алды, соның және Open Wi-Fi технологиясының арқасында Астананың сол жағалауы тегін сымсыз ғаламтор желісімен қамтылған.  

Барлық жаңалықтар