- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ауғанстанның Атқарушы билік басшысын «Нұрлы жол» Жолдауымен таныстырды
Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ауғанстанның Атқарушы билік басшысын «Нұрлы жол» Жолдауымен таныстырды
Кездесу барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы, сондай-ақ түрлі салалардағы қазақ-ауған екі жақты қарым-қатынастарының болашағы мен қазіргі ахуалы талқыланды.
Астана Ауғанстанда жуық арада бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуын қолдайтыны, ізгілік көмек көрсететіні, Мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратыны, өңірдегі интеграциялық үдерістерге Ауғанстанды тарту бойынша іс-шараларды пысықтайтыны туралы атап өтілді. Осы бағытта шынайы қадамдардың бірі – 2013 жылғы сәуірде Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен өткен «Азия Жүрегі» елдерінің Министрлік конференциясы болып табылады.
«А. Абдулла ү.ж. желтоқсанда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 13-ші отырысына қатысатының растады. Ауған мамандарының елімізде білім алып отырғаны үшін алғысын айта отырып, бұл бағдарламаны оның отаныңда жоғары бағалайтыны жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ, А. Абдулла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшелігіне ҚР-ның кандидатурасына Ауғанстанның ресми қолдауын растады, сонымен бірге Алматыда жақында құрылған төтенше жағдайлар мен табиғи апаттарды алдын алу Орталығына оның елі қосылуға дайын екенін де жеткізді», делінген хабарламада.
Ауғанстанның Атқарушы билік басшысы елімізге жалпы өзінінің оң көзқарасын білдіріп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы және ол бұдан бұрын көп сапар шеккен заманауи Астананың салуындағы жетістіктерін айрықша белгіледі. Елбасы Н.Назарбаевқа өзінің жеке терең ілтипатын бідіріп, Қазақстанның дамуы өңір мемлекеттері, оның ішінде Ауғанстан үшін жарқын үлгі болып табылатынын атады.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Қазақстанның бейбіт бастамалары