• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әр қазақстандықтың жетістігі экономиканың даму деңгейіне байланысты – колледж ұжымы

Әр қазақстандықтың жетістігі экономиканың даму деңгейіне байланысты – колледж ұжымы

23 Қараша, 2014 12:38
Президентіміз бен мемлекетіміздің білім беру мен денсаулық сақтау саласын жетілдіруде кезең-кезеңімен жүзеге асыру саясатын ұстанатыны көңілімізді қуантады, деп ағынан жарылды М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің ұстаздар ұжымы.

Ұстаздардың пайымынша, Елбасының  «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты бұған дейін жүргізілген білім беру реформаларының жалғасы. Бүгінде білім беру мекемелерінің проблемаларын шешу үшін 70 млрд теңге, балабақшалар құрылысы үшін қосымша  20 млрд теңге бөлінетін болды.

«Бұл біздің көңілімізге қуаныш пен сенім ұялатады. Біз білім беру саласының елімізді дамыту жолында ерекше роль атқаратынын көріп отырмыз. Білім беру мекелемелерін қаржыландыру саласында үлкен қадам жасалды. ЖОО-ларды академиялық, басқарушылық автономияға кезең-кезеңімен көшіру білім беру жүйесін жаңғыртуда маңызды қадам болып есептеледі», - деді орлар.

Колледж ұжымы атап өткендей, келелі құжатта көрсетілген міндеттемелер мен тапсырмаларды жүзеге асыру  әлемдегі және Қазақстандағы ахуалға байланысты. Сондықтанда, толеранттылық, ұлтаралық келісім, ауызбіршілік пен ынтымақтастық Елбасы Жолдауында көрсеткен бейбіт және жарқын болашақтың кепілі.

«Әр қазақстандықтың жетістігі экономиканың даму деңгейіне байланысты. Жалпы Жолдаудағы міндеттер біздің күнделікті жұмыс күнімізге есептелген. Сондықтанда біз білікті, парасатты, Отанының болашағына бей-жай қарамайтын жастарды тәрбиелейтінімізге сенімдіміз», - деп атап өтті ұстаздар. 

Барлық жаңалықтар