• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның өндірістік құрылысының 70%-ын «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС қамтамасыз етеді

ҚР-ның өндірістік құрылысының 70%-ын «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС қамтамасыз етеді

23 Қараша, 2014 10:02
ҚР-ның азаматтық және өндірістік құрылысы қажеттілігінің 70%-ын «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның өнімділігінің артуы жаңғырту есебінен болып отыр. Зауыт заманауи басқару және өндірістік технологиясын орнатты. Атап айтар болсақ, немістің TrueLaser 1030 құралы мен TrueBend 3120 станогын қойды.  Жаңа технология электр энергия шығынын 40%-ға, өндіріс процесін 80%-ға қысқартып, тауар түрлерін екі есе арттырды.

АЖЗ сатып алушылары химия, мұнайгаз, энергетика, машинақұрылысы, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және т.б салалырдың кәсіпорындары.

Айта кетерлік жайт, АЖЗ халықаралық көрмелерге тұрақты түрде қатысып тұрады. Олардың өнімдері бірнеше жоғары наградалармен және дипломдармен марапатталған.

Жалпы, жобаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша 20 жаңа жұмыс орны ашылып, еңбек өнімділігі 3 есе артты. 

Барлық жаңалықтар