• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада жерасты тамшылатып суару құбыршектері өндірісінің тасы өрге домалауда

Астанада жерасты тамшылатып суару құбыршектері өндірісінің тасы өрге домалауда

22 Қараша, 2014 11:32
Астанада «ҚазКаучук» ЖШС инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жерасты тамшылатып суару құбыршектерін табысты өндіруде.

Аталмыш саладағы заманауи агротехнологиямен жабдықталған отандық өндіріс ошағын іске қосу суды айтарлықтай үнемдеуге және ауылшаруашылығы өнімдерінің өнімділгін 50-90%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетерлік жайт, 2014 жылдың басында қазақстандық-германиялық «ҚазКаучук» кәсіпорны Қызылорда облысында SmartRubber жаңа зауытын іске қосты. Ол ескі автомобиль доңғалақтарын қайта өңдеп, жаңа шикізат көзін өндіреді, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1,5 мың тоннаға дейін ескі доңғалақтарды қайта өңдеуге жетеді.

Жобаның инновациялығы оның технологиясында және резеңке қиындыларының бір жолға салынуында. Белсенді резеңке қиындыларын көптеген жаңа өндірістік өнімдердің өндірісінде пайдалануға болаты. Тіпті, асфалтьбетонды түрлендіру кезінде  де кәдеге жаратуға әбден болады. 

Барлық жаңалықтар