• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әділет министрлігінің Елбасы Жолдауын іске асыруда өзіндік орны бар – Сұлтанова (ВИДЕО)

Әділет министрлігінің Елбасы Жолдауын іске асыруда өзіндік орны бар – Сұлтанова (ВИДЕО)

21 Қараша, 2014 19:04
Әділет министрлігінің Елбасы Жолдауын іске асыруда өзіндік орны бар, деп мәлімдеді ҚР Әділет министрлігі баспасөз хатшысы Сандуғаш Сұлтанова «Қазконтент» АҚ ұйымдастырған «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы ғаламтор ресурстарының маңыздылығы» атты мемлекеттік орган өкілдеріне арналған дөңгелек үстелден кейін берген сұхбатында.

««Қазконтент» АҚ бүгінгі ұйымдастырып отырған шарасы барлық мемлекеттік орган баспасөз қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Министрліктер мен ведомствалардың ғаламтор ресурстарының халыққа қызмет ету сапасы сөз болған бүгінгі жиында баспасөз қызметкерлері өздерінің жұмыстарына сырт көзбен қарап, артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысуға мүмкіндік алды», - дейді.

Оның айтуынша, бүгінде барлық мемлекеттік органдар Елбасы Жолдауын іске асыруға білек сыбана кірісіп кетті. Осы тұрғыда Әділет министрлігінің Елбасы Жолдауын іске асыруда өзіндік орны бар.

«Жолдауда айтылған стратегиялық маңызды мақсаттар мен міндеттемелер бірінші кезекте қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Атап айтар болсақ, ол баспана мәселесі, әлеуметтік мәселелер мен қазақстандықтардың өмірінің әр қырын қамтитын салалар. Аталмыш міндеттемелерді өз деңгейінде орындайтын болсақ, біз 2050 жылға қарай ең дамыған 30 елдің қатарынан көрінетін боламыз», - дейді баспасөз хатшысы.  

Барлық жаңалықтар