• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жоғарғы сот жұмыстарының басым бағыттарының бірі шет елдік инвесторлар мүдделерін қорғаудын күшейту - Садуақасов (ВИДЕО)

Жоғарғы сот жұмыстарының басым бағыттарының бірі шет елдік инвесторлар мүдделерін қорғаудын күшейту - Садуақасов (ВИДЕО)

21 Қараша, 2014 18:34
Жоғарғы сот жұмыстарының басым бағыттарының бірі шет елдік инвесторлар мүдделерін қорғау жұмыстарын күшейту, деп мәлімдеді ҚР Жоғарғы соттың баспасөз қызметкері Айдос Садуақасов «Қазконтент» АҚ ұйымдастырған «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы ғаламтор ресурстарының маңыздылығы» атты мемлекеттік орган өкілдеріне арналған дөңгелек үстелде.

«Елбасының «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы шын мәнінде де халықтық Жолдауға айналды. Өйткені онда көрсетілген мақсаттар мен міндеттемелер қазіргі таңдағы ахуалға сай келеді. Таяуда ғана Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмимен бірігіп барлық өңірллердегі соттардың басын қосып бейнеконференция түрінде аталмыш Жолдауды талдадық», - дейді А.Садуақасов.

Оның айтуынша, Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Жоғарғы сот жұмыстарының басым бағыттарының бірі шет елдік инвесторлар мүдделерін қорғау жұмыстарын күшейту болып табылады.

«Сот жүйесіндегі экономикалық сот елдегі инвестициялық тартымдылықты арттыру мен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларына өз саласына сай қолдау көрсетеді. Яғни Жоғарғы сот жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруда сот төрелігі тұрғысынан қамтамасыз етпек», - дейді. 

Барлық жаңалықтар