- Басты
- Жаңалықтар
- Бакуде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушылары Ассамблеясының үшінші сессиясы өтті
Бакуде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушылары Ассамблеясының үшінші сессиясы өтті
Аталып өткендей, бұл сессияда МАА қызметіндегі ұйымдық мәселелер, өзекті проблемалар талқыланды, сессия төрағасын сайлау жүргізілді. Әртүрлі елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру тәжірибесімен алмасу болды. Сөз сөйлеген әртүрлі ел өкілдері өз елдеріндегі жетістіктер мен осы қызметті ұйымдастырудағы проблемаларға тоқталып өтті.
«Сессиядағы өз сөзінде Б.С. Абдрасилов Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесімен таныстырды, құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілген реформалар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа органның - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылуы туралы айтып берді. Ассамблея қатысушылары Қазақстанда құрылған Агенттіктің қызметіндегі түпкілікті жаңа тәсілдер туралы хабардар болды, оның негізгі міндеттерінің бірі - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңінен үгіт-насихат жүргізу және тұрғындармен, БАҚ-пен, бизнес және үкіметтік емес сектормен белсенді қарым-қатынас жасау болып табылады»,-делінген хабарламада.
Сонымен қатар МАА-ның тиісті мемлекеттік органдармен және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен арадағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Айта кетерлік жайт, Ассамблеяның жұмысы барысында Әзірбайжан Республикасының Бас прокуроры Закир Гаралов, Румынияның Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Симона-Майей Теодоройу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы халықаралық ұйымының президенті (GRECO) Марин Мрселамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келіссөздер жүргізілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет