- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев Швейцария Президентімен кездесті (Фото)
Қ.Тоқаев Швейцария Президентімен кездесті (Фото)
«Мәртебелі мейманды қарсы алған Қ.Тоқаев оның сапарының өнімділігін атап өтті және біздің еліміздің Мемлекет басшысымен келіссөздерді табысты жүргізуімен Швейцария Президентін құттықтады», - делінген хабарламада.
Сенат міндеттерімен, саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудегі рөлімен жүздесушіні таныстыра келіп, Қ.Тоқаев Швейцария Президентін «Нұрлы жол» Жолдауы туралы хабардар етті және «жаһандық әлем тәртібінің өзгеруі аясында және Ресей мен Батыстың санкциялармен қарсы тұрушылығын ескере келгендегі күрделі халықаралық жағдайда бағдарламалық құжат стратегиялық маңызға ие» деп атап өтті.
Д.Буркхальтер Президент Н.Назарбаевтың жаңа экономикалық саясатын жоғары бағалады. «Инфрақұрылым құрылысына қаржы жіберу туралы дана шешім қабылданды, швейцариялық компаниялар Қазақстан экономикасына инвестиция әкелуге мүдделі. Біздің ынтымақтастығымыз нығая түседі», - деді Швейцария Президенті.
Осы күнгі халықаралық мәселелерді талқылай келіп, ЕҚЫҰ ПА-дағы қазақстандық делегацияның жетекшісі Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ тарихындағы ең қиын кезеңдегі Ұйымға швейцариялық төрағалығына: «Қазіргі кездегі төрағалық етудегі жемісті жұмыстардың арқасында ЕҚЫҰ украин шиеленісін еңсеруде өзінің өзектілігі мен пәрменділігін көрсетті», - деп жоғары баға берді. Қ.Тоқаев Украина және оның төңірегіндегі шиеленіс жағдайларын реттеуге бағытталған Президент Н.Назарбаевтың күш-жігерін атап өтті.
Д.Буркхальтер Қ.Тоқаевқа шиеленісті шешу жөніндегі үшжақты байланыс тобының аясында жалғасып жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, Минск шешімдерін іске асыруға және Украинадағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шешімдер әзірлеу қажеттігі туралы пікірін айтты. «ЕҚЫҰ-ның барлық мүшелері осы мәселеге тартылуы тиіс», деді ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы.
Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы Қазақстанның стратегиялық ерекшелігін айта келіп, Д.Буркхальтер «Қазақстан Украин шиеленісін реттеу мақсатында дана шешімдер қабылдауда маңызды рөл атқара алады» деп сенім білдірді.
Сенат Төрағасы мәртебелі мейманға ЕҚЫҰ-ның тиімділікті нығайту жөніндегі жұмыстарын үдетуге өз үлесін қосуға Қазақстанның әзір екенін айтты.
-
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті -
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Қ.Тоқаев аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті -
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО)