- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әскерлерде жауынгерлік әзірлікті кенеттен тексеру басталды (Фото)
Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әскерлерде жауынгерлік әзірлікті кенеттен тексеру басталды (Фото)
«Тексеру барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, Аэроұтқыр әскерлер мен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері дабыл бойынша көтеріліп, жоспарланбаған аудандарға шығарылды. Барлығы бұл іс-қимылдарға 3 мыңнан астам адам, 400 бірлік әскери техника және 36 авиациялық техника қатысты», - делінген хабарламада.
Әскерлердегі маневрлерді ҚР Қорғаныс министрі және Бас штабтың өкілдері бақылады.
Жасалған екікүндік тексеру барысында құрамалардың ұтқырлығы және олардың алыс қашықтықтарға күштерді жедел жеткізуге қабілеттілігі тексерілді. Полигондарда атыс және тактикалық-арнайы міндеттерді пысықтау жүргізілді.
Бұл іс-шаралар командирлер мен штабтардың жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейлеріне келтіру, шоғырлану ауданына шығу кезіндегі іс-қимылдарына баға беру үшін өтуде. Сондай-ақ бұл әскерлерді жедел өрістеткен және жауынгерлік даярлық жоспары бойынша қолданған жағдайдағы материалдық-техникалық құралдардың жай-күйін, жеткілікті бар болуын және мұқтаждығын айқындау үшін қажет.
ҚР Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов: «Қорғаныс министрлігі Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасы бойынша күтпеген тексерулерге негізделген түрлі іс-шаралардың үлкен кешенін өткізеді. Жоспардан тыс тексерулер бүгінгі таңда армияның жауынгерлік әзірлігін тексерудің ең тиімді әдісі болып отыр», - деп түсіндірді.
Қарулы Күштерді осылайша тексерудің қорытындысы ретінде жедел жиналыс өткізіліп, онда бөлімдер мен құрамалар жауынгерлік әзірлігінің негізгі нәтижелері баяндалды. ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасына сәйкес оқу-жаттығудың жалпы талдауы мен қорытындысын Бас штаб Қорғаныс министрлігінің алқасында баяндайтын болады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды