Қостанай облысында жыл соңына дейін 28 спорт алаңы пайдалануға беріледі

26 Қыркүйек, 2013 11:15
Қостанай облысында жыл соңына дейін 28 спорт алаңы пайдалануға беріледі,деп хабарлайды облыстың ақпарат бөлімі.

«2013 жылдың соңына Қостанай мен Рудный қалаларында екі спорт кешені мен 26 спорт алаңы қолданысқа беріледі», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, облыстағы  бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2341 спорт нысандары жұмыс істеп тұр. 2013 жылы құны Қостанайда 15 млн теңге болатын 3 құрылыс нысаны, 10 млн теңгелік хоккей корты мен Алтынсарин ауданындағы Үлкен Чураковка ауылында 4,8 млн теңгелік спорт алаңы іске қосылды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта облыста  234,4 мың адам (26,6 %)  спортпен шұғылданады.

Халықтың барлық спорт залдарға бара алуына жағдай жасау жұмыстары жүргізілді. Күн сайын спорт залға баратын халық саны 91646 құрайды.

 

 

Барлық жаңалықтар