ҚР мен АҚШ мемқызмет моделін жетілдіру саласында ынтымақтастық құрады

22 Қараша, 2014 10:01
Қазақстан АҚШ-пен халықаралық ынтымақтастық аясында мемлекеттік қызмет моделін жетілдіруді талқылау бойынша келіссөздер сериясына қатысты. Аталмыш келіссөздердің нәтижесі ретінде ҚР Мемлкеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттік пен АҚШ-тың Қызметкерлерді басқару кеңсесі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның қабылдануын айтуға болады.

АҚШ-тың Қызметкерлерді басқару кеңсесі директоры Кэтрин Арчулетаның айтуынша, Қазақстан мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруде айтарлықтай жетістікке жеткен. Оның пікірінше, бұл америкалық әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, өзге елдерге үлгі боларлықтай деңгейге жеткен.

Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров өз кезегінде мемлкеттік қызмет жүйесін халықаралық қатынастар арқылы дамыту керектігіне тоқталып, Меморандум аясында алдағы уақытта ауқымды істер атқарылатынына сенім білдірді.

«Сонымен қатар, меморандумның іске асырылуы жемқорлыққа қарсы шаралардың превентивті тікелей байланысындағы мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару тетігін жетілдіруге бағытталатынына тоқталды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, АҚШ-тың Қызметкерлерді басқару кеңсесі АҚШ Президентіне қарайтын мемлекеттік орган. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметтің кадрлық саясатындағы меритократия қағидаларын іске асыру бойынша көшбасшы орган. Онда мемлекеттік қызмет саласындағы заманауи сараптамалық әдістемелер мен ақпараттар қолданудың тәжірибесі дайындалады. Кеңсе Ұлыбритания, Канада, Қазақстан мемлекеттерімен тығыз байланыста. 

Барлық жаңалықтар