• Басты
  • Жаңалықтар
  • Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғары комиссары Қазақстанның саясатына оң бағасын берді

Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғары комиссары Қазақстанның саясатына оң бағасын берді

21 Қараша, 2014 14:39
Вена қаласындағы ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтерінде өзінің қызметі туралы баяндама жасаған Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғары комиссары Астрид Торс ханым Қазақстанның аз ұлттардың құқығын қамтамасыз ету саясатына оң бағасын берді.

СІМ хабарлағандай,  Астрид Торс Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы қоғамды құрудағы тәжірибесінің бірегейлігін атап өтті.

Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғары комиссары 2013 жылы Алматыда қабылданған  Қазақстанның Орталық Азиядағы білім беру жоспарына оң бағасын берді және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жоғары бағалады.

Ведомсвтодан хабарлағандай, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің делегациясына Елбасының «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауының негізгі тұстары таныстырылды. Атап айтар болсақ, халықтың әл-аухатын арттыру мақсатында экономиканы тиімді дамыту жоспары кеңінен баяндалды. 

Барлық жаңалықтар