- Басты
- Жаңалықтар
- 4,5 жылда Қазақстандағы еңбек өнімділігі 60%-ға артты – Исекешев
4,5 жылда Қазақстандағы еңбек өнімділігі 60%-ға артты – Исекешев
Жаңа индустриялдық саясат аясында «Өнімділік-2020» бағдарламасы іске асырылуда. Ол жаңа өндіріс ошақтарын құру мен қолда бар зауыттарды жаңғыртуға бағытталған. Қазіргі таңда оның қатысушылары ретінде 8 саланың 71 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Соның ішінде 67 жоба кешенді жоспарды дайындау мен сараптамаға 81,2 млн теңге көлемінде төлем алды.
«Бізде «Өнімділік-2020» атты арнайы бағдарлама қабылданды. Ол алдымен тексеріліп, қазіргі таңда өзін-өзі дәлелдей бастады. Жалпы «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында 4,5 жылда Қазақстандағы еңбек өнімділігі 60% артты», - дейді министр.
Сонымен қатар, 14 жоба бойынша 21,1 млрд теңгенің ұзақмерзімді лизингтік қаржыландыруы мақұлданды. Инновациялық гранттарға 32 жоба иеленді. Гранттардың жалпы құны 174,7 млн теңге. Бағдарламаның арқасында 5 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды.
Өз кезегінде индустрияландырудың екінші бесжылдығы ҮИИД МБ заңды жалғасы болып табылады. Ол бірінші бесжылдықта кеткен олқылықтардың орнын толытырып, өз кезегінде жаңаша жұмыс істейтін болады.
ҮИИД МБ екінші бесжылдығының басты мақсаты – қазақстандық экономика тиімділіггінің трендін арттыру, осы жолда еңбек өнеімділігін арттырып, ресурстарды тиімді қолдану тетіктерін құрастыру болып табылады.
Индира Қауметова
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту