• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҮИИД МБ аясында Ақтөбеде көлік-тасымал орталығы құрылысының жобасы жүзеге асырылды – Боранқұлов

ҮИИД МБ аясында Ақтөбеде көлік-тасымал орталығы құрылысының жобасы жүзеге асырылды – Боранқұлов

22 Қараша, 2014 11:02
ҮИИД МБ аясында Ақтөбеде ауданы 12 781 шаршы метр болатын көлік-тасымал орталығы құрылысының жобасы жүзеге асырылды. 3 терминалдан тұратын нысан инновациялық технологиялар негізінде салынған, дейді Ақтөбе облыстық индустриялды-инновациялық даму бөлімінің жетекшімсі Дидар Боранқұлов.

Оның айутынша, орталықта қабылдау, орналастыру, сақтау, іріктеу мен тауарларды түсіру бойынша технологиялық операцияларды орындауға арналған аймақтар мен көмекші аймақтар  қарастырылған.

«Көкеніс өнімдерін сақтау мен сұрыптау мақсатында «ШИМ» ЖШС жылына 3 мың шаршы метр қуаттылыққа ие көлік-тасымал орталығын, көкеніс терминалын ашты. Жобаның артықшылығы сонда, халықты жыл он екі ай бойы тұрақты түрде сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек», - дейді бөлім жетекшісі.

Алдағы уақытта «AccentLogistics» ЖШС 2 800 орындық және 2 0000 орындық мультимодальді көлік-тасымал орталығы құрылысын жоспарлап отыр, дейді.

Бөлім жетекшісінің пікірінше, алдағы уақытта Ақтөбе халықаралық әуежайы базасында көлік-тасымал хабының құрылуы көзделуде. Аталмыш жобаның іске асырылуы Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымыын дамыту қажеттілігінен туған.

«Қаланың теңдессіз географиялық орналасуы өңірдің алдағы даму болашағының негізгі факторы болып табылатын еуроазиялық тауар ағымын жүзеге асыруға арналған тамаша жағдай құрмақ», - дейді Д.Боранқұлов.

Барлық жаңалықтар