• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында сыртқы сауда айналымының көлемі 1,9 млрд долларды құрады – әкім

Павлодар облысында сыртқы сауда айналымының көлемі 1,9 млрд долларды құрады – әкім

21 Қараша, 2014 13:03
Павлодар облысында сыртқы сауда айналымының көлемі 2014 жылдың 8 айында 1,9 млрд долларды құрады, деді ОКҚ брифингінде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

«1 млрд доллардың тауары экспортталды. Көп жағдайда глиноз, көмір, электр энергиясы, алюменийді экспорттаймыз. Негізінде көлік пен қондырғы, минералды тауарлар, азық-түлік, метал импорттаймыз. Ішкі сауда айналымы 192 млн долларды құрап отыр. Демек, біз сатылымды сатып алуға қарағанда көбірек жасаймыз», - деді ол.

Ол атап өткендей, аймақтың шекараға жақын орналасқанына орай ішкі экономикалық қызмет үлкен мәнге ие.

«КО жұмыс істегелі бері, яғни 2010 жылдан 2013-ке дейін сауда айналымы 1,5 – ден 2,8 млрд долларға өсті. Беларусь пен Ресейдің үлесі сыртқы сауда айналымында 66,7 пайызды құрады», - деді әкім.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар