- Басты
- Жаңалықтар
- СІМ-де Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту мәселелері талқыланды
СІМ-де Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту мәселелері талқыланды
Аталған іс-шарада ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев және ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р.Жошыбаев, сондай-ақ «Kaznex Invest» инвестиция және экспорт ұлттық агенттігі басшылығы сөз сөйледі.
Іс-шараның мақсаты – дипломатиялық өкілдіктер арқылы шетелдік ресми, экономикалық және іскерлік топтарды Қазақстанда өткізілетін инвестициялық климатты жақсарту, сондай – ақ оларды отандық экономиканы дамытудың негізгі бағыттарына және басым секторларымен таныстыру туралы хабардар ету.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев өз сөзінде отандық экономиканы индустрияландыру және жаңғырту жұмыстарын жеделдету жөнінде мемлекеттің алдыға қойған міндеттерін назарға ала отырып, Мемлекет басшысының инвестициялық климатқа және мемлекеттегі басым жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тартуды ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Осы себепке байланысты біздің елдің маңызды сыртқы саяси басымдығының бірі біздің шетелдік әріптестерімізбен экономикалық және сауда дипломатиясын жандандыру болып табылады. Р.Жошыбаев дипломатиялық корпустарды осы бағытта бірлесе белсенді жұмыс атқаруға шақырды.
«Министр Әсет Исекешев индустриализациялаудың бірінші бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша қол жеткізген нәтижелерді, сондай-ақ екінші бесжылдықтың бастапқы бағыттарын және ел Үкіметінің шетелдік инвесторларды қолдау жөнінде қабылдап жатқан шаралар туралы шетелдік дипломаттарды хабардар етті», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, іс-шара шеңбері кең ауқымды пікір алмасулар өтті, оның барсыныда шетелдік дипломаттар өз елдерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық жобаларды өзара тиімді бірлесе іске асыру мүмкіндіктерін өз іскерлік топ өкілдеріне жан-жақты хабарлауға дайын екендігі туралы өз пікірлерін іс шара шеңберінде атап өтті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары