• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Бозымбаев: Павлодар облысында ҮИИД МБ - 2 аясында 19 жоба жүзеге асырылады

Қ. Бозымбаев: Павлодар облысында ҮИИД МБ - 2 аясында 19 жоба жүзеге асырылады

21 Қараша, 2014 12:48
Павлодар облысында 1,1 трлн теңгеден астам қаражатқа ҮИИД МБ - 2 аясында 19 жоба жүзеге асырылады . Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев хабарлады.

«Аймақ үшін ҮИИД екінші бесжылдығының маңызы зор. Оның аясында 1,1 трлн теңгеден астам қаржыға  19 жоба жүзеге асырылады», - деп сендірді әкім.

Сонымен қатар, Қ. Бозымбаев атап өткендей, олардың ішінде тау-байыту комбинатының құрылысы жобасы бар, оның қуаттылығы жылына  14 мың тонна мыс концентратын өндіруге жетеді. Онда 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады, жыл сайын 30 млн тонна мыс кенін қайта өңдеуді көздеп отыр. «Құндылығы жоғары үшінші және төртінші қайта өңдеудегі тауарды өндіру үшін  Мемлекет басшысының «Павлодар» АЭА дамыту тапсырмасы  орындалуда. АЭА аумағында үш кәсіпорын жұмыс істеуде, олардың инвестиция көлемі 17 млрд теңге, олардың бірі Бона ЖШС. Компания залалдандырғыш заттарды өндіреді.  Ал ол өз кезегінде облыстағы жаңа тауар түрі», - деді әкім.

Әкім хабарлағандай, АЭА инфрақұрылымының құрылысы үшін 2014-2016 жылдар аралығында бюджеттен 28 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде ағымдағы жылы 3,1 млрд теңге қарастырылды.

Бұдан басқа әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін жалпы құны 23 млрд теңге болатын үш зауыт іске қосылады. «Жобалардың табысты жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымдардың құрылысы басталып кетті және т.б.», - деп түйді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар