- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдаудағы ШОБ-ті қолдау шараларын жүргізу – кәсіпкерлерді жігерлендіре түседі
Жолдаудағы ШОБ-ті қолдау шараларын жүргізу – кәсіпкерлерді жігерлендіре түседі
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын теледидардан тыңдағаннан кейін бұған көзіміз анық жетті. Елбасының биылғы Жолдауы осы үлкен де іргелі міндеттерді қалай орындаудың нақты бағыттарын айқындап берген бағдарламалық құжат болып табылады. Біз бұл Жолдаудан бүгінгі биігімізден аласармаудың алғышарттарын көріп отырмыз. Қарапайым халықтың өзі Елбасының жыл сайынғы Жолдауларының өз өмірі мен тұрмысын жақсартуға септігі тиетінін сезініп отырады. Бұл жолғы Жолдаудың да халықтың әл-ауқатын арттыруға, еліміздің дамуын қамтамасыз етуге бағытталғаны көрініп тұр», - деді ол.
Жолдауды теледидардан тындап отырып, Елбасының алысқа қарайтынына және көз жетпесті көретініне тағы да сене түсесің.
«Кемел болашақты қазірден бастау үшін әрқайсысымыз Елбасы Жолдауының әр жолына қанығуымыз керек. Өйткені, әр жолдың артында барар бағытымыз, әр санның артында атқарар іс тұр», - деді ол.
«Мен өз ісімді жүргізіп отырғандықтан, Елбасының кәсіпкерлікті дамытуға байланысты байламдарына құлақ түріп жүремін. Біздің елде шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызылып отыр. Бұл жолғы Жолдауда кәсіпкерлікке қатысты нақты ұсыныстар мен қолдаулар болатыны ашық айтылды. Бұл бізді жаңа табыстарға жігерлендіреді», - деді ол.
Мақсат биік, оған жету үшін атқарар жұмыстың қарасы да үлкен. Басты мақсат – Қазақстанның дүниежүзіндегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі. Ал «Мәңгілік Ел» идеясы осы мақсат негізінде өзінің іргетасын қалап отыр. Бұл идея Қазақстан тарихындағы жаңа дәуір парағының ашылуы десе де болғандай.
Елдігіміз мен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын кезеңге Нұрсұлтан Әбішұлы «Мәңгілік Ел» жобасы ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірлік кемел келбеті деген сипаттама берді. Бұдан туындайтын міндеттер де Жолдауда жан-жақты айтылған, деді ол.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз