• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресей бірлесіп ТЖ ғарыштан болжау жүйесін құру жайын талқылады

Қазақстан мен Ресей бірлесіп ТЖ ғарыштан болжау жүйесін құру жайын талқылады

23 Қараша, 2014 12:03
Астанада төтенше жағдайларды ғарыштан мониторингтеу және болжау бірлескен жүйесін құру жөніндегі қазақстан-ресей жұмыс тобының кезекті сараптамалық кездесуі өтті, деп хабарлады ТЖ комитеті.

«Кездесу бірінші кезектегі міндеттер мен екіжақты қатыныстарды анықтайтын екі елдің интерграциялық процесстерін кеңейтуге бағытталған стратегиялық құжат - Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының 2013-2014 жылдарға арналған бірлескен іс-әрекеттер жоспарын іске асыру аясында өтті», - делінген хабарламада.

Екі күн бойы тараптар төтенше жағдайлардың ғарыш мониторингі және оларды болжау бірлескен жүйесін құру жөніндегі қазақстан-ресей іс-әрекеттер жоспарының кешенді іс-шараларын орындау барысын егжей-тегжейлі қарады.

Сонымен бірге ғарыш мониторингі саласында бірлескен регламенттерді енгізу, тараптардың жерді қашықтықтан зондтау радиолокалокациялық ғарыш мәліметтерінің қажеттіліктерін анықтау, табиғи өрттерге баға берудің бірлескен әдістемелерін жасау, жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басқа өзекті мәселелері қаралды және олар бойынша бірқатар басқару шешімдерін қабылдауға дайындық жүргізілді. 

Аталмыш іс-шаралар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында ресей-қазақстан қатынастарын дамытуға қосымша қарышты қарқын, қаралып жатқан  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі және Ресей Федерациясы Федеральды ғарыш агенттігі саласында айтарлықтай тәжірибе береді.

Барлық жаңалықтар