- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық ЖОО әскери кафедраларында «10 әскери күн» әдістемесі енгізілуде
Қазақстандық ЖОО әскери кафедраларында «10 әскери күн» әдістемесі енгізілуде
««Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының әскери қызметшілері Қазақ гуманитарлық заң және инновация университетінің студентерін әскери кафедра құрамына қабылдау салтанатына қатысты. Әскери оқудың бірінші жылын бастаған студенттер «10 әскери күн» қарқынды оқыту әдістемесі бойынша меңгерген дағдылары мен білімдерін көрсетті. Оқу взводтары алаңда салтанатты шерумен өтіп, жекпе-жек ұрыс тәсілдерін көрсетті, қарусыз саптық тәсілдер, АК-74 автоматымен дефиле, саптық есептоппен мина орнату, автоматты бөлшектеу және жинау іс-қимылдарын орындады», - делінген хабарламада.
Бірінші курстықтар Д-30 артиллерия жүйесін жорық жағдайынан ұрыс жағдайына келтіруге, қашықтыққа және дәлдікке граната лақтыруға, ор пен жиналар үйіндісінен, сондай-ақ тікенек сым орнатылған кедергілер учаскесінен өтуге дағдыланғандарын паш ете білді.
Көрсетілімдердің қорытындысы бойынша әскери кафедра ұжымына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының атынан алғыс хат, бірқатар алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларына тиісті сертификаттар табыс етілді.
Әскери кафедраның басшысы отставкадағы полковник Александр Коновалов әскери істі оқытушылардың студенттерді әскери ғылымның негіздерін оқытудағы ролін атап өтті.
«Біздің барлық оқытушыларымыз әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген, кәсіби және өмірлік тәжірибелері мол мамандар», - деген А. Коновалов «Бүгін олар тәжірибесін Қазақстан армиясының жақсы даярланған резерві қатарында болуы тиіс студент жастарға беруде», - деп қорытындылады.
Әскерлерде жас сарбазды дарлау курсы 2 ай бойы жүретінін атап өткіміз келеді. Қазақстан мемлекеттік заң университетінің студентерін әскери кафедра құрамына қабылдау салтанаты әскери тарихтағы екі маңызды даталармен сәйкес келді.
19 қарашада ҚР Қарулы Күштері Ракета әскерлері мен артиллерия күнін атап өткен, осы күні кеңестік әскерлердің Сталинград түбіндегі ауқымды шабуылы басталған болатын.
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды