• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты интеграциялық үдерісті дамытуға бағытталған – Беларусь Республикасының Елшісі (ВИДЕО)

Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты интеграциялық үдерісті дамытуға бағытталған – Беларусь Республикасының Елшісі (ВИДЕО)

21 Қараша, 2014 09:47
Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты интеграциялық үдерісті дамытуға бағытталған, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Беларусь Республикасының Елшісі Анатолий Ничкасов.

«Қазақстанның көпвекторлы саясаты қазақстандық халыққа бағытталған, ол айқын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашаққа бастайтын жаңа жолдың  10 негізгі талабын атады. Ол қазақстандықтарға  жақын арадағы жылдары бағыт болады», - деді А.Ничкасов.

Елші атап өткендей, аталмыш жұмыс елдің дамуына ғана емес, интеграциялық үдерістің дамуына да әсер етеді. «Біз бұны Қазақстанның дәстүрлі серіктестерімен қарым-қатынасынан байқап отырмыз. Бұл ТМД елдері, Еуразиялық экономикалық одаққа кірген 3 ел. Сондай-ақ, еуразиялық кеңістік пен орта азиялық елдердегі заманауи экономиканың келбетін анықтайтын ірі көрші елдер де бар, олар – Ресей, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған елдер мен аймақтар Қазақстанмен өзара қарым-қатынасы аясында болашақ экономиканың сәулетін әзірлеуде.

«Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың міндеті айқындала бастады.Барлығымыз бұл іске қатыстымыз. Сәттілік интеграция үдерісінде  біздің елге серік болады», - деді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар