Қазақстан Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

21 Қараша, 2014 09:32
Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасында және Черногорияда Елші қызметін қоса атқарушы Аслан Мусин Президент Филип Вуяничке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады СІМ.

«Тапсыру рәсімінен кейін жаңа тағайындалған дипломат Черногория Президенті Ф. Вуяновичпен екі жақты ынтымақтастық пен көпжақты әрекеттесудің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Елші А. Мусин Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдаған «Нұрлы Жол» атты мемлекеттік жаңа экономикалық стратегиясының басты тақырыптары туралы сұхбаттасын хабардар етті», - делінген хабарламада.

Ф.Вуянович Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы тілектерін жолдап, қазақстандық елшіге табыстар тіледі.

Сонымен қатар, А. Мусин сыртқы саяси ведомство басшылығымен кездесіп, екі жақты келісімдер базасын дамыту тақырыбын, сондай-ақ Черногория Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрі Игор Лукшичтің келесі жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы талқылады.

Ведомство хабарлағандай,  Черногория Туризм және даму министрлігі мен Шаруашылық палатасының басшыларымен кездесу өтіп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 

 

Барлық жаңалықтар