- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Швейцария - Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі
Н.Назарбаев: Швейцария - Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі
« Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтудың негізгі мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы болып отырған Дидье Буркхальтер Ұйым қызметінің маңызды тұстары туралы да сөз қозғады.
Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі екендігін атап өтті.
« Сіздің ел Қазақстанға 2005 жылдан бері 12 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Мұнда елу шақты швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Қазақстан Халықаралық валюта қорының швейцариялық кіші тобына қатысады. Біздің елдеріміз сыртқы саясатпен қатар ішкі саяси мәселелер бойынша да тығыз ынтымақтасып келеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Швейцария Президенті өз кезегінде жылы шырайлы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары екенін айтты. Сондай-ақ Д.Буркхальтер екі елдің өзара қарым-қатынастары жоғары деңгейде екеніне назар аудара отырып, бірқатар перспективалы бағыттардың да бар екенін атап өтті.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Қазақстанның бейбіт бастамалары