• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Идрисов: Экономиканы әртараптандырудың қазақстандық нұсқасы пионерлік бағдарламаның бірі

А.Идрисов: Экономиканы әртараптандырудың қазақстандық нұсқасы пионерлік бағдарламаның бірі

20 Қараша, 2014 16:44
Экономиканы әртараптандырудың қазақстандық бағдарламасы пионерлік бағдарламаның бірі, деді «Strategy Partners» Президенті Александр Идрисов.

«Жылдар қиын болады деп күтілуде. Оның ішінде Қазақстан үшін геосаяси проблемаларына байланысты бірқатар қауіп төнуі мүмкін. Бізде Ресейде валютаның құнсыздануы жүруде, ол Қазақстан экономикасына әсер етеді. Экономиканың бәсеңдеуі есебінде бізде  өзге шикізат тауарларына деген баға өзгеруі мүмкін. Оның ішінде метал мен өзге заттарға да баға өзгереді. Экономиканы әртараптандырудың қазақстандық бағдарламасы пионерлік бағдарламаның бірі болып саналады», - деді ол.

А.Идрисов айтып өткендей, ең маңыздысы Қазақстанның дағдарыс кезінде жұмыс орындарын жоғалтып алмау. Сол себепті өндірістік орындарда 120 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

«Экономикалық өсім екі факторға байланысты ол, жұмыс орындары мен өнімділік. Сондықтан да индустриялды дамудың бағдарламасы сапалы жұмыс орындардың ашылуы мен жаңа экономика негізін құруға мүмкіндік береді. Біз шикізат экономикасынан толықтай кетуіміз мүмкін. Бұл экономиканы әртараптандырудағы басты қадам. Бірінші бесжылдықтың нәтижесі көңіл көншітеді», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар