• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Күлсейітов: Қазақстанда Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда қайта өңдеу саласына 2,5 еседен көп ТШИ тартылды

А.Күлсейітов: Қазақстанда Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда қайта өңдеу саласына 2,5 еседен көп ТШИ тартылды

20 Қараша, 2014 16:25
Қазақстанда Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасының (ҮИИД МБ) алғашқы бесжылдығында Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда қайта өңдеу саласына 2,5 еседен көп тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тартылды, деп хабарлады «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Күлсейітов.

«Жақында ғана түске дейін Елбасымен индустрияландыру бойынша сарапшылардың кездесуі өтті. Онда ҮИИД МБ алғашқы бесжылдығының қорытындысы таныстырылды. Айта кетерлік жайт, бесжылдық әлі аяқталған жоқ, тек аралық қорытындылар бар. Сонымен, бірінші бесжылдықты жүзеге асыру жылдары  қайта өңдеу саласында еңбек өнімділігі 60%- ға артты. Бұл нақты көрсеткіш. Ал, 4,5 жыл ішінде қайта өңдеу саласына  тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі жалпы тартылған инвестициялар көлемінің 70% құрады. Демек, Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда қайта өңдеу саласына 2,5 еседен көп ТШИ тартылды», - деп түсіндірді  А. Күлсейітов.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы хабарлағандай,  қабылданған шаралар аясында қайта өңдеу саласы шетелдік инвесторларды аса қатты қызықтыратын болды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар