- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық әскерилер Ресейдегі халықаралық көрмеге қатысуда
Қазақстандық әскерилер Ресейдегі халықаралық көрмеге қатысуда
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастаған қазақстандық әскери делегация «Ресей қару-жарақ көрмесі. Нижний Тагил-2013»
ІХ Қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазарнаулыэкспорт» РМК өкілдері бар.
Қазақстанның әскери делегациясы Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің 150-ден астам ұйымы мен басқа елдердің 20-дан астам кәсіпорындары ұсынатын қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі заманғы түрлерімен танысады. Көрмеге қатысу қазақстандық армияны қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру жөніндегі міндетті шешуге жағдай жасайтын болады.
Сапар шеңберінде генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер әскери техникалық ынтымақтастыққа жетекшілік ететін министрліктері мен ведомстволары басшыларының жиналысына қатысты. Жиналыста ҰҚШҰ форматында әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қаралды.
26 қыркүйекте ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы жанындағы Іскерлік кеңестің отырысына «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысады. Отырыста ҰҚШҰ шеңберінде мемлекетаралық интеграцияланған құрылымдарды (бірлескен кәсіпорындарды) құру туралы мәселе қаралатын болады.
Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия 2005 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен ұйым форматында көпжақты ынтымақтастықты тереңдету және жетілдіру, интеграцияны дамыту мен әскери-экономикалық және әскери-техникалық салалардағы мәселелерді кешенді түрде шешу мақсатында құрылған.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды