ПМПИ «InPark - 2014» халықаралық форумына қатысты

20 Қараша, 2014 18:19
Новосібір қаласының Экспоорталығында индустриалдық-парктік жобалардың «InPark - 2014» халықаралық форумы болды, шараға Павлодар мемлекеттік педагогика университеті қатысты.

«Павлодар облысын «Павлодар» СЭЗ, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Павлодартұз» ЖШС-і, «Қазэнергокабель» АҚ және тағы басқа компаниялар таныстырды.  Тағы бір айта кететіні, Павлодар облысы – Қазақстанның форумға қатысқан жалғыз аймағы», - деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Сарапшылар даму тенденциясы мен индустриалдық-парктік жобаларды басқарудың үздік тәжірибелерін талқылады, бір-бірімен индустриалдық алаңдар мен парктік жобаларды басқару мен инвестициялаудың табысты тәжірибелерімен бөлісті.

Форум шеңберінде инвестициялық келісімдер, ынтымақтастық туралы келісімдер жасалы, бірқатар, оның ішінде – Павлодар облысымен шекаралық ынтымақтастық шеңберінде кездесулер өткізілді.

Атап айтқанда, Павлодар облысының Новосібір сауда-өндірістік палатасы мен Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының шекаралық ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-а, ПМПИ мен «Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы (Новосібір қаласы) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Айта кетейік, InPark - 2014» - тәжірибе алмасу мен инвестициялық дамудың заманауи технологияларын талқылауға арналған Ресейдің ірі сараптау алаңы. Индустриалдық-парктік жобалардың халықаралық форумы 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді.

 

Барлық жаңалықтар