Қазақстандағы 5 АЭА инфрақұрылымының дайындығы аяқталды – Сағынтаев

20 Қараша, 2014 13:18
«Оңтүстік» және «Бурабай» АЭА инфрақұрылымы аяқталды, «Астана жаңа қала» дайындығы – 80 пайыз, «Сарыарқа» дайындығы-90 пайыз, деп мәлімдеді ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық демократиялық күштер коалициясының отырысында.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағында инфрақұрылым нысандарының құрылысы – Атырау қаласындағы ұлттық индустриалды-техникалық парк пен «Шығыс қақпасы» құрылысына 81 млрд бөлінеді. Оған қоса, өңірлерде жаңа индустриалды аймақтардың құрылысы жалғасуда. Қазіргі таңда 25 индустриалды аймақ құрылды, оның 10-ы жұмыс істеуде», - деді ол.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары айтқандай, Үкіметке арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымын аяқтау туралы тапсырма берілді.

«Бүгін елде 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеуде. Инфрақұрылымдық құрылысқа республикалық бюджеттен 102 млрд теңге бөлінді. Толық аяқталған АЭА – «Оңтүстік» және «Бурабай».Аяқталуға жақын «астана жаңа қала» мен «Сарыарқа»», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар