- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев: Қазақстанда ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын ірі 5 автожол жобаларының құрылысы басталады
Б. Сағынтаев: Қазақстанда ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын ірі 5 автожол жобаларының құрылысы басталады
«Елбасының тапсырмасы бойынша, 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Аталмыш бағдарлама 2014 жылдың соңына дейін қабылданады. Елімізде Елбасының халыққа Жолдауына сәйкес жалпы ұзындығы 5 452 км созылған 5 ірі автожол жобаларының құрылысы басталады. Атап айтар болсақ, Астана-Алматы - 1300 км, Астана-Өскемен - 950 км, Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахань - 1600 км, Алматы-Өскемен - 712 км мен Қызылорда-Жазқазған-Қарағанды-Павлодар - 2790 км. Жолдардың құрылысы 200 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Б.Сағынтаев.
Б.Сағынтаевтың айтуынша, Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолын салу жалғасады. Оның құрылысын 2015 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Бұдан басқа, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс бағытындағы республикалық жолдарды салып, қалпына келтіруге 321,3 млрд теңге бөлінеді. Дәлірек айтқанда, 2015 жылы 178 млрд теңге, ал 2016 жылы 143,3 млрд теңге қарастырылған.
«Каспийде теміржол желісі мен порттық инфрақұрылымдардың құрылысы үшін «Самрұқ-Қазына» арқылы капиталдандыру аясында 46,2 млрд теңге қарастырылған. 2015 жылы - 19,8 млрд теңге, 2016 жылы - 6,4 млрд теңге. Оның ішінде 2015 жылы Шу – Аламты-1 учаскісінде екінші теміржол жолын жүргізу үшін 27,7 млрд теңге, Боржақты-Ерсай теміржол желісі үшін 6,7 млрд теңге жұмсалады», -деп мәлімдеді Б. Сағынтаев.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді