- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: Елбасының нақты және сараланған стратегиясы Қазақстанның даму болашағын анықтай түседі
Б.Байбек: Елбасының нақты және сараланған стратегиясы Қазақстанның даму болашағын анықтай түседі
Келелі кеңесте саяси партиялар және еліміздің жетекші ҮЕҰ-ы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауда.
«Біз Елбасының тарихи Жолдауын таныстыруының куәсі болдық. Мемлекет басшысы көшбасшылардың ішінде бірінші болып нақты стратегияны таныстырды, ол өз кезегінде Қазақстанның алдағы он жылдықта даму болашағын айқындай түседі. Жалпы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты дағдарыспен күресті ғана емес, еліміздің алдағы жылдары даму болашағын көрсетеді», - деп сендірді Б. Байбек.
Сонымен қатар, Б. Байбек, Қазақстан Президенті Ұлттық қорда жиналған қаражат халықтың ақшасы және бүгінде біз оларды Қазақстанның инфрақұрылымдық болашағына инвестициялаймыз дегенін тілге тиек етті.
«Бұл қаржы ұрпағымыздың болашағына және маңызды салаларды жандандыру үшін жұмсалады. Ілкімді іс іргелі елдің болашағы мен халқының жағдайын жақсарта түседі», - деп атап өтті ол.
Бұдан басқа «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасының: «мықты мемлекет пен ынтымағы жарасқан ел ғана дағдарыстан шыға алады», деген сөзін еске түсірді.
Айта кетерлік жайт, бүгін Астанада «Қазақстан-2050» Демократиялық Күштердің Жалпыұлттық Коалициясының (ДКЖК) отырысы өтуде. Келелі кеңесте саяси партиялар және еліміздің жетекші ҮЕҰ-ы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылайды.
Индира Кауметова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады