Астанада қанға деген ұлттық қажеттілік толығымен қамтылған

20 Қараша, 2014 11:24
Астанада қан құрамына деген ұлттық қажеттілік толығымен қамтылған, деді Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры, бас штаттан тыс трансфузиолог Жандос Бүркітбаев ОКҚ брифингінде.

«Қазақстанда Дүниежүзілік сауда ұйымының ұсынысы бойынша қан құрамына деген ұлттық қажеттілікті қамту үшін 1000 адамға 40-50 донациядан келуі тиіс», - деді ол.

Ж.Бүркітбаев бүгінгі таңда аталмыш қажеттілік Астанада ғана толығымен қамтылып отырғанын жеткізді, бұл жерде 1000 адамға 58 донациядан келеді.

«Егер нақты сандар туралы айтсақ, Астанада жылына 50 мың донация жүргізіледі, бұл жоғары мамандандырылған медициналық көмек Астанада көрсетілетіндігінің көрсеткіші», - деді ол.

Оның айтуынша, Астанадағы жетекші клиникалардың қарауымен донорлықтың артуы байқалуда, бұл республикалық және өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарын қанағаттандырып отыр.

«Бүгінгі таңда астаналық ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы қан беру көрсеткіші бойынша КСРО-ның бұрыңғы елдерінің бестігіне кіріп отыр», - деді сарапшы.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар