- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтаудың әуежайы ISAGO стандартына сәйкестігі жөніндегі аудиттен сәтті өтті
Ақтаудың әуежайы ISAGO стандартына сәйкестігі жөніндегі аудиттен сәтті өтті
Аудит барысында тәуелсіз сарапшылар басқарудың ұйымдастырылуы мен жүйесін, жолаушылар мен багажға көрсетілетін қызмет сапасына, жүк пен поштаны өңдеуіне, сонымен бірге ұшақтардың тиелуіне және жер бетімен қозғалысының қамтамасыз етілуіне баға берді. «Тексеріс қорытындысы бойынша әуежайға ISAGO стандартына сәйкестігі жөнінде 2 жыл мерзімге сертификат беріледі. Бұл жер бетіндегі қызмет көрсету қауіпсіздігі жөнінен халықаралық аудиттен өткен Қарағандыдан кейінгі екінші әуежай», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Ақтау әуежайы биылғы жылғы тамыз айында сапа менеджменті жүйесінің Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ISO) талаптарына сәйкестігі жөнінде сертификаттаудан сәтті өтіп шықты.
Аудиттен өту жөніндегі талаптың Азаматтық авиация комитеті 2010 жылы бекіткен ҚР әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру Ережелерінде бекітілгендігін атап өткен жөн.
Қазіргі уақытта Ақтау әуежайы тасымал көлемі жөнінде үшінші орынға иеленіп отыр. Әуежайда ішкі және сыртқы халықаралық бағыттарда ұшып жүрген. қазақстандық және шетелдік авиакомпанияларға қызмет көрсетіледі.
Айта кетейік, Жер бетіндегі қызмет көрсетудің қауіпсіздігі жөніндегі Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (ISAGO) әуежайда жер бетінде қызмет көрсететін провайдерлерге арналған аудиттің стандартталған бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарлама жер бетінде қызмет көрсетудің әлемге танымал стандарттарға негізделген. Тексерісті Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясынан сертификат алған тәуелсіз аудиторлар жүргізеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті