Елбасы Жолдауы - экономиканы дамытудың сара жолы

20 Қараша, 2014 15:18
Елбасы Нұрсұлтан назарбаевтың Жолдауы – экономиканы дамытудың сара жолы, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында БҚО «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Исанов.

«Елбасы биылғы жаңа Жолдауында ұлт­тық қор­дан ел экономикасының әлеуетін арттыру мен халықты жұмыспен қамту­ды қолдау үшін бөлген қаражаттарды нақты тапсырмалар бойынша салалап, жіктеп бөліп берді. Бөлінген қаржылардың барлығы маңыз­ды бағыттарды қамтиды. Соның ішінде тіршілік­тің күре тамыры – жол салу, жол жөндеу  арқылы жа­ңа жұмыс орындары ашылатын болады», - деді ол.

Осы  арқылы халықтың жағдайы жақсара түсіп, жұмыс­пен қамтылып, табыс көзі артады. Елбасы Жол­дауында  2015-2016 жылдары жалға беріле­­тін тұрғын үй құрылысын қаржылан­ды­ру көле­мінің қосымша 180 миллиард теңге­ге көбейті­луі,  әрине,  кө­ңілге қо­нымды, деді ол.

Жолдауда «Нұр Отан» партиясының сайлау­алды тұғырнамасында көрсетілген басым­дық­тар да тілге тиек етілді.

« Осыдан бір жыл бұрын «Нұр Отан» партия­сының сиезінде «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында!» атты саяси док­трина қабылданған болатын. Бұл маңызды құжат­та көрсетілген ұлттық құндылықтары­мызды көз­дің қарашығындай сақтау кешегі Жолдау­мен үндес болды. Шынында да, бейбітшілік, халық­тар достығы мен іргелі дінаралық түсіністік, салт-дәстүр, тарих сияқты құндылық­тарымыз­ды нығайтып отырсақ, жал­пыхалықтық жетістікке жетеміз. Біз­дің ортақ идеямыз – Мәң­гілік ел! Сондықтан баршаға Жолдауда айтыл­ған мін­деттерді бірігіп атқару­да жаңа күш,  жаңа  табыс ті­леймін», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар