• Басты
  • Жаңалықтар
  • Республикалық дәрігерлер Съезінде скринингтік бағдарламалардың жүзеге асуы талқыланды

Республикалық дәрігерлер Съезінде скринингтік бағдарламалардың жүзеге асуы талқыланды

20 Қараша, 2014 15:03
«Денсаулық баршаға» атты ІІІ Халықаралық Конгресс шеңберінде «Теңдік, ынтымақтастық, әлеуметтік әділеттілік - медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметіне қойылатын заманауи талаптар» атты I Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) дәрігерлерінің Құрылтайы өз жұмысын бастады.

«Іс-шарада денсаулық сақтау жүйесіндегі үздіксіз білім беру үрдісі, Қазақстан Республикасындағы скринингтік бағдарламалар, емделушілер мен медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі, дәрігер атқарымдарын орта медициналық қызметкерлерге табыстаудың заманауи тәсідері, МСАК қызметін қаржыландыру, МСАК деңгейіндегі медициналық-психологиялық көмек, МСАК деңгейінде оңалту қызметін ұйымдастыру сияқты тағы басқа мәселелер талқылануда», - деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі – профилактикалық бағытты күшейту, бірінші кезекте, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің әлеуметік бағдарлы моделін дамыту.

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытудағы негізгі басымдылық медициналық-санитариялық алғашқы көмек екені атап көрсетілген.  

Одан басқа, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің екінші кезеңінің басты міндеті әлеуметтік бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықты дамытуға негізделген тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру және екпінді шығынды стационарлық көмектен бастапқы буынға ауыстыру болып табылады.  

Айта кетейік, МСАК бүгін стационарлармен – мамандандырылған диспансерлермен – жедел көмекпен және консультациялық-диагностикалық орталықтармен үйлесімді жұмыс істеу жағдайында үйлестіруші негізгі рөл атқаратын бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің орталық буыны болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар