Нұрлы жол – мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған бағдарлама

20 Қараша, 2014 14:48
Елбасымыздың Қазақстан халқына жариялаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында бүгінгі әлемнің дағдарыстан арыла алмай тұрған шағында ел болашағына алып барар жарқын жолымызды нұсқап отыр. Осы мақсатта іске асыратын стратегиялық қадамдарды, халықтың күнкөріс әлеуетін арттырар әрекеттерді бел­гілеп берді. Сонымен бірге, болашаққа барар жолда өткенімізді де ұмытпауға тиіс екенімізді жеткізді, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Алпысбаев.

«Осы орайда Мемлекет басшысының Жолдаудағы «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!», деп айтуында үлкен мән жатқаны белгілі. Келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетініміз соның бір айғағы болса керек», - деді ол.

Ол атап өткендей, бүгінде барлық салада ілгерілеушілік байқалады. Соның бір дәлелі ретінде аймақта мәдениет саласына жасалып отырған қамқорлықты айтуға болады. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тікелей қолдауымен өңірде үлкен шаралар өткізілді.Облыс орталығында жаңа Қазақ драма театры салынатын болды. Жаңа театр ғимараты салынып біткен соң Н.Бекежанов атындағы музықалық драма театры ғимараты облыстық филармонияға беріледі. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Осының бәрі Сыр елінде Елбасымыз­дың сындарлы саясатының арқасында жүзеге асырылып жатыр», - деді ол.

Барлық жаңалықтар