- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан-2050» Стратегиясы басымдықтарының бірі – отбасы мен балалық шақты қорғау - Жұмин
«Қазақстан-2050» Стратегиясы басымдықтарының бірі – отбасы мен балалық шақты қорғау - Жұмин
«Жыл сайын өтетін қайырымдылық шарасында әлемдегі әр бүлдіршін отбасында тәрбиеленуі үшін күш салып жүрген мүддесі ортақ жандар бас қосады. «Miracles Gala» шарасына АҚШ Конгресінің, бизнестің, ҮЕҰ, БАҚ және халықаралық ұйым өкілдері тұрақты қатысып келеді. Мәселен, осы жолғы қатысушылар арасында сенатор Эми Клобучар мен америкалық атақты футболшы Майкл Оэр бар», - делінген хабарламада.
Іс-шараны халықаралық "Kidsave" ұйымы ұйымдастырды. Ол "Сәбимен шаңырақтың сәні кірер" ұлттық жобасын бірлесіп жүзеге асырып жүрген "Қазақстан 2050" қозғалысының халықаралық серіктесі.
Іс-шара барысында "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері Қазақстандағы ата-ана қамқорынсыз қалған өспірімдер мен жетім балалар мәселесінің бүгінгі жайымен бөлісті. Бала мен отбасын қорғау "Қазақстан 2050" Стратегиясының басым бағыттарының бірі және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше назарында екенін Қозғалыс өкілдері баса атап өтті. Осы саланың қазіргі басты міндеті – балаларды асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылықтың заманауи түрлерін дамыту үшін қолайлы құқықтық жағдай туғызу.
"Аймақтағы Қазақстанның ролі артып келе жатыр. Бүгінгі таңда көбі сіздердің еліңізді тек Орталық Азияда емес, тұтастай посткеңестік кеңістікте тұрақты, әрі тиімді даму үстіндегі арал ретінде қабылдайды. Бұл көзқарас оны бизнес үшін ғана емес, сондай-ақ гуманитарлық қарым-қатынасты кеңейту үшін де шетелдіктердің қызығушылығын оятып отыр. Сіздердің еліңізде жетімдік мәселесімен мемлекеттік органдармен қоса "Қазақстан 2050" Қозғалысы сияқты азаматтық ұйымдар да қызу айналысып жатқаны ел болашағына деген қамқорлықтың шынайы көрінісі",-деді «Kidsave» ұйымының бас атқарушы директоры Рэнди Томпсон.
«Президентіміздің жуырдағы жолдауы дер уағында жарияланғанын сенімді түрде айта аламын. Бір жағынан, қазіргідей қолайсыз экономикалық жағдаят кезінде азаматтарды жігерлендіріп, қиындықтар артта қалып қана қоймай, шыңдалып шығатынымызға сенімдерін артырса, ал екінші жағынан, "бізге сенім артуға болады, біздің елде қауіпсіз, бізде тұрақтылық" екенін айқындайтын сырт елге танытқан мықты үндеу болды", - деп, "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысының Кеңес Төрағасы Данат Жұмин мәлімдеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері