- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының Жолдауы еліміздің 30 дамыған ел қатарына еніп, Мәңгілік елге айналатынына нық сендіреді – Ерманов
Елбасының Жолдауы еліміздің 30 дамыған ел қатарына еніп, Мәңгілік елге айналатынына нық сендіреді – Ерманов
«Ұлттық қорға жиналып келген қаржыны тиімді пайдаланып, ел экономикасын әлсіретпеу ойластырылған. Осы орайда Елбасы «Үкіметке Ұлттық қордан бөлінген қаржының тиісті бағыттар бойынша тиімді және орынды жұмсалуын қамтамасыз етуді жүктеймін. Әрбір теңгенің қатаң сұрауы болады» деп нақты айтты», - деді ол.
Нұрсұлтан Әбішұлы осы Жолдауы арқылы кезекті мәрте бизнеске бейжай қарамайтынын дәлелдеді. Және оның дамуына қолайлы жағдай жасау күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі екенін жеткізді. Бұл мақсатқа ел мен елді байланыстыратын, өңірлер арасындағы күре тамыр саналатын жолдар торабын ретке келтіру арқылы қол жеткізу ұсынылды, деп толықтырды ол.
«Жолдар құрылысы қосымша 200 мың жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, елдегі жұмыссыздықты төмендетуге, Қазақстандағы өндіруші кәсіпорындардың қарқынды дамуына мүмкіндік бермек. Алдымыздағы жылдан бастап орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға Ұлттық қордан 500 млрд. теңге бөлінетіні белгілі болды. Бұл бизнесті тағы бір серпілтіп тастайтыны анық», - деді ол.
Сонымен бірге, елді қуантқан жағымды жаңалықтың бірі бұл баспана мәселесіне қатысты болып отыр. Жаңа Жолдау бойынша елімізде пайыздық мөлшері төмен және бастапқы жарнасы төленбейтін жаңа бағдарлама іске қосылатын болды. Сондай-ақ, апатты жағдайдағы мектептер мәселесі көтерілді. 2016 жылы Қазақстанда апатты жағдайдағы мектептер болмауы керек.
«Елбасының биылғы Жолдауы еліміздің 30 дамыған ел қатарына еніп, Мәңгілік елге айналатынына нық сендіреді», - деді Ерманов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері