• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан БҰҰ азаптауға қарсы Комитетінде кезекті баяндамасын қорғады - СІМ

Қазақстан БҰҰ азаптауға қарсы Комитетінде кезекті баяндамасын қорғады - СІМ

20 Қараша, 2014 10:17
Женева қаласында өтіп жатқан БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің 53-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын орындауы бойынша Үшінші кезекті баяндамасының қорғауы өтті, деп хабарлады СІМ.

«Қазақстан делегациясының басшысы, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Жақыпов Рашид Тауфиқұлы БҰҰ Комитітінің мүшелерінің назарына еліміздегі адам бостандығы мен құқық қорғау саласындағы жүргізіліп жатқан саясат туралы баяндаманы ұсынды», - делінген хабарламада.  

Министр орынбасары азаптауды болдырмау және оған төтеп беру, сонымен қатар тергеуді жүргізу барысында тыйым салынатын жолдарды пайдалану сұрақтары мемлекет тарапынан қатаң бақылауда екенін атап өтті. Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда ішкі қауіпсіздік сұрақтары бойынша құрылымдар бар.

Күн тәртібі мен сауалдар тізіміне сәйкес құрамында ҚР Бас Прокурорының бірніші орынбасары, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы, Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы сот мүшелері,  Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер министрліктері комитеттерінің басшылары, Бас прокуратура, Сыртқы істер, денсаулық және әлеуметтік даму министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері бар қазақстандық делегация сұрақтарға жауап берді және Комитет сарапшыларын Қазақстандағы қоғамдық-саяси және алеуметтік-экономикалық  салалардағы маңызды жаңғыртулар мен қарқынды өзгерістер жайлы таныстырды.

Өз сөздерінде Азаптауға қарсы комитет мүшелері Қазақстан Республикасындағы бас бостандықтарынан айрылғандар құқықтарынын сақталуы сұрағында айтарлықтар өзгерістер барын айтты. Мәселен, Комитет Төрағасының орынбасары, АҚШ тәуелсіз сарапшысы Фелис Гаер қазақстандық тараптың Комитет ескертулері мен ұйғарымдарын орындауға аса жауапкершілікпен қарағанын атап өтті.

 БҰҰ тәуелсіз сарапшысы Қазақстан Үкіметінің пенитенциарлық жүйенің құрылуы және ұлттық тосқауыл механизмі туралы заңның қабылдануы жолында қолға алынып жатқан қадамдарды, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік органдардағы азаптауға «нөлдік шыдамсыздық» құруға бағытталған іс-шараларды атап өтті. БҰҰ тәуелсіз маманы Қазақстан Үкіметінің пенитенциарлық жүйесінің реформасына және ұлттық ескерту жүйесі туралы Заңды қабылдағанына үлкен баға берді.

Алдын ала қорытынды ұсыныс ретінде Комитет мүшелері Алессио Бруни және Джордж Тугуши Қазақстанның қазіргі таңдағы жетістіктері қойылған талаптарды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарының негізгі құқықтары мен  бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттерін орындайтындығына толықтай сенім білдірді.  

 

 

Барлық жаңалықтар