ШЫҰ елдері сауда кедергілерінің мәселесін шешуі керек – Досаев

19 Қараша, 2014 18:19
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 2013 жылдың қорытындысы бойынша 50,05 млрд долларға жетті, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«Әлемдік экономика экономикалық белсенділік қарқынының төмендеуін бастан кешіп, осыған орай ШЫҰ елдері ынтымақтастықты арттыра түсулері керек», - дейді министр.

Оның айутынша, ШЫҰ кеңістігінде сауданы дамыту үшін сауда кедергілерін алып тастау мәселесіне баса назар аудару қажет. «Тарифтік және тарифтік емес кедергілерді алып тастаудың басты факторы Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы болып табылады. ШЫҰ елдері арасында ЕАЭО мүшесі Ресей Федерациясы мен Қазақстар Республикасы. Алдағы уақытта одаққа Қырғызстанның да қосылуын күтіп отырмыз», - дейді Ерболат Досаев.

Министр мәліметінше, Қазақстан ұлттық деңгейде кедендік және транзиттік процедудараларды қысқарту жұмыстарына айрықша мән беруде. Атап айтар болсақ, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар импортына кедендік тазалау кезінде көрсетілетін құжаттар саны 12-ден 4-ке, эксспортта 10-нан 3-ке азайтылмақ.

«Біз үлкен экспорт-импорт кезінде қарқынмен электронды декларациялау мен «бір терезе» қағидасын енгізудеміз», - дейді.

«Мұның барлығы сауда мен транзит кезінде қолайлы жағдай қалыптастырып, кедендік рәсімдеу мен кедендік шекара арқылы тауар айналымындағы рәсімдеу уақыттарын азайтады», - дейді министр.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы бірлескен жұмыстардың басты бағыттарының бірі жүк тасымалы мен транзитін жеделдетіп және арзандататын тасымал дәлізін дамыту болып табылады. Осы бағытта ШЫҰ көп жұмыстар атқарды.

ШЫҰ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі инвестициялық ынтымақтастық пен іскерлік климатты жақсарту.

Министр мәліметінше, соңғы он жылда Қазақстанға шамамен 200 млрд доллар көлемінде тікелей шет елдік инвестиция тартылған. Соның ішінде 20 млрд доллары ШЫҰ елдеріне тиесілі.

«Өңірдің тұрақты экономикалық дамуына қол жеткізу, қаржылық қолдау мен инвестициялық қамтамасыз ету мақсатында ШЫҰ мүше мемлекеттерініңң көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық қатынасбағдарламасына шаралар жоспары аясында Қазақстан ШЫҰ Даму банкін құру мәселесін жеделдету қажеттілігін көріп отыр», - дейід Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттерінің сыртқы экономикалық қатынастарға жауап беретін министрлерінің жиыны өтті. 

Барлық жаңалықтар