- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 11 облыстық Достық үйі жұмыс істейді (Брифинг бейнебаяны)
Қазақстанда 11 облыстық Достық үйі жұмыс істейді (Брифинг бейнебаяны)
«Қазіргі таңда Қазақстанда 11 облыстық және Алматыда 1 республикалық Достық үйі жұмыс істейді, ал Астанадағы бұл қызметті Бейбітшілік және келісім сарайы атқарып отыр. ҚР Президенті тапсырмасымен елдің 4 өңірінде типтік мамандандырылған Достық үйлерінің құрылысы аяқталуда», - дейді Н. Нестерева.
Оның айтуынша, ҚР Президентінің Ассамблеяның 20 сессиясында берген тапсырмасы және ҚР Үкіметі Қаулысымен Достық үйлерін дамытудың екі кезеңнің тұжырымдамасы бекітілді.
«Тұжырымдаманың мақсаты Достық үйлерінің жұмысын жүйелі ұйымдастыру болып табылады. Тұжырымдама екі кезеңмен іске асырылады. Бүгінде 2014-2016 жылдар аралығында тұжырымдаманың бірінші кезеңін атқарып жатырмыз. Нақтырақ айтар болсақ, барлық достық үйлері жұмыс істеп тұрған өңірлік достық үйлерінің базасында мемлекеттік мекеме құру арқылы біріңғай ұйымдастырушылық құқықтық мәртебе алып отыр. Екінші кезең олардың көлемі мен қызметтерін кеңейтуге есептелген. Осы мақсатта оларға жаңа тапсырмалар мен міндеттемелер жүктелмек. Екінші кезек 2020 жылы аяқталады», - дейді депутат.
Айта кету керек, Қазақстандағы тұңғыш достық үйі 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысында ашылған еді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен төрт өңірде (БҚО, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы) Достық үйлерінің мамандандырылған ғимараттары құрылысы жүріп жатыр.
Достық үйлері ұлтаралық қатынастар саласындағы азаматтық қоғам қызметін біріктіре отырып ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтауда айтарлықтай мәнге ие.
Индира Қауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті