• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды мақұлдады

Мәжіліс 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды мақұлдады

19 Қараша, 2014 14:48
Мәжілістің жалпы отырысында 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды мақұлдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов еліміздің бас қаржы құжаты алдағы үш жылда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл құжатта мемлекет алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толықтай қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінді. 

« Меніңше, халықтың әл ауқаты үшін және мемлекеттің болашағы үшін айтарлықтай мол қаржылар бөлінетін осындай заң жобасын мақұлдау бәріміздің де көңілімізді толтырары сөзсіз»,-деді Қ. Жақыпов.

 «Парламенттік-партиялық бақылау түрі Президент жүктеген міндеттерді сапалы орындауға ықпал етеді,-деді  Мәжіліс Төрағасы бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуына барынша назар аударды. Осы ретте Қабиболла Жақыпов. 

Мәжіліс Спикері Елбасының Жолдауында айтылғандарға қатысты заң жобаларын жедел қабылдау қажеттілігін де назардан тыс қалдырмады.

 

Барлық жаңалықтар