- Басты
- Жаңалықтар
- Есеп комитеті қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалауды қамтамасыз етеді - Жаңбыршин
Есеп комитеті қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалауды қамтамасыз етеді - Жаңбыршин
«Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдаудың ерекшелігі – Ұлт көшбасшысы күрделі геосаяси жағдайда, алдағы бесжылдық еліміздің экономикалық дамуындағы жаңа кезең болуы тиіс екендігін қадап айтты», - деді ол.
Барша Қазақстан халқы үшін стратегиялық маңызды құжатта аталып өткендей, жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары белең алған кезде тек экономикалық саясатты қайта бағдарлап, жеделдетілген индустрияландыруды жүргізіп, инфрақұрылым мен инновацияны дамыта отырып, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізгенде ғана Қазақстан қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қатерлерге төтеп беріп, әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болмақ, деді ол.
«Президент дағдарыс жағдайында қосымша қаржы ресурстарынсыз межеленген мақсаттарға қол жеткізудің аса қиынға соғатынын атап өтті. Осыған байланысты, Ұлттық қордан қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды», - деді ол.
Оның айтуынша, аталған қаражат жолдарды және жалға берілетін үйлерді салуға, апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептердің проблемаларын шешуге, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және тағы басқа мақсаттарға бағытталады деп қарастырылған.
Осы бір маңызды міндеттерді шешу жолында еліміздің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының рөлі мен маңызы арта түспек. Тәуелсіз сыртқы мемлекеттік бақылаудың конституциялық органы ретінде Есеп комитетінің жауапкершілігі аясына ұлттық ресурстарды басқару, бюджет қаражатын алушылардың қаржы тәртібін нығайту сияқты міндеттер кіреді.
Жаңа экономикалық саясатты іске асыру жағдайында Есеп комитеті еліміздің жоғары қаржы бақылау органы ретінде әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ оның жұмсалу тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы белгілеген міндеттерді іске асыру үшін бар күшін салатын болады.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
COVID-19: «Sinovac» вакцинасының тиімділігі -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Hayat Vax вакцинасы: тиімділігі мен қауіпсіздігі -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары