- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жыл сайынғы "Оnline Expo-2017" байқауы жарияланды
Қазақстанда жыл сайынғы "Оnline Expo-2017" байқауы жарияланды
«Бірінші халықаралық «Болашақтың энергиясы: CO2 қалдықтарын азайту» ЭКСПО-2017 форумы нәтижесі бойынша алдыңғы қатарлы үкіметтік емес ұйымдар, даму институттары мен мемлекеттік органдар бастамасымен ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған онлайн байқау өткізуге қолдау көрсететін республикалық штаб құрылды», - дейді М.Қарымсақов.
Республикалық штаб төрағасы орынбасарының айтуынша, байқау ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған инновациялар мен жобаларды алдын ала іріктеуге бағытталған.
«Республикалық штаб миссиясы елдің барлық ғылыми-инноваторлық әлеуетін бір араға топтастырып, барынша тиімді жұмыстар жасау, елде «жасыл» қуат үнемдейтін тәжірибелерді енгізу. Осы арқылы оны іске асыра отырып, ел арасына кеңінен жайып, ЭКСПО-2017 контентін толтыруға ат салысу», - дейді.
Сонымен қатар іріктеу нәтижесі бойынша Астана экономикалық форумы, ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы форумдары алаңдарында 2015, 2016, 2017 жылдары шағын ЭКСПО өткізу жоспарланған.
М.Қарымсақовтың айтуынша, байқау бес аталым бойынша жоспарланған.
Айта кету керек, байқаудың жүлде қоры әлі құрылмады. Басты ынталандыру әдісі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға жолдама беру болмақ. Сонымен қатар жеңімпаздар қоғамда танытылып, брендтеліп, мемлекеттік және мемлекетаралық бағдарламаларға ұсынылып, инвесторларға таныстырыпып, әлеуетті демеушілермен байланыс құруға жол ашылмақ.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді