- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті Enactus World Cup 2014 сайысында үшінші орын алды
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті Enactus World Cup 2014 сайысында үшінші орын алды
Білім және ғылым министрлігінде хабарлағандай, Enactus World Cup-2014 бағдарламасы аясындағы қойылымдар алуан түрлі әсерлі оқиғаларға толы болды: айналасы ат шаптырым дейтіндей кең залда өткен мәдени жәрмеңке көрсетілімінде ұлттық костюм киінген командалар ән салып, би биледі, музыкалық халық аспаптарында ойнады, барлық қатысушыларға тәтті тағамдар ұсынып, өз елдерінің салт-дәстүрлерін, каллиграфиялық өнерін, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын көрсетті.
Сайыстың Қытай Халықтық шетелдермен достық ассоциациясы ұйымдастырған «Менің арманым, біздің арманымыз» атты ашылу рәсімінде белгілі бизнес және мәдениет өкілдері сөз сөйлеп, музыкалық қойылымдар көрсетілді. Сайыстың ашылу салтанаты қатысушы командалардың дәстүрлі шеруімен аяқталды
Жарыс кезеңдері студенттер мен бизнес-жетекшілері бір-бірімен араласып, бірге жұмыс жасауларына, бір-бірінен үйренулеріне мүмкіндік жасайтын "Top to Future Top" - «дөңгелек үстел басында» сессиясы, оқытушы-профессорлар құрамы мен команда эдвайзерлерінің белгілі бір мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын қарастыруға, өзара тәжірибе алмасуларына мүмкіндік тудыратын "Best Practice" сессиясы сияқты интерактивті іс-шаралармен алмастырылып отырды.
Бірінші айналымда қатысушы командалар 8 лига бойынша сайысқа түсті. Тартысты өткен бұл сайыстан тек 16 команда ғана жартылай финалға шықты. Ақтық сынға түскен 4 командадан Қытай командасы (North China Electric Power University) жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Марокко (Mohammadia School of Engineers), үшінші орынды Пуэрто Рико (University of Puerto Rico, Mayagüez), төртінші орынды Ирландия командасы (University College Dublin) иеленді.
Биылғы жылы еліміздің атынан осы әлемдік сайысқа қатысқан Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті АҚШ, Франция, Бразилия, Жапония, Гана, Тунис, Сингапур командаларын артқа тастап, өз лигасы ішінде жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұл жетістік команда мүшелерінің қажырлы еңбегі мен Enactus Ұлттық офисі, ҚР БҒМ, ҚазҰАУ және Enactus Қазақстан директорлар Кеңесінің бірлесе отырып жүргізген белсенді жұмыстарының жемісі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды