• Басты
  • ДСМ Сауд Арабиясына сапарлап барудан бас тартуды ұсынуда
25 Қыркүйек, 2013 18:53

ДСМ Сауд Арабиясына сапарлап барудан бас тартуды ұсынуда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өте қажет болған жағдайларда болмаса, мүмкіндігінше Сауд Арабиясына сапарға барудан бас тартуды ұсынады, деп ведомство хабарламасында жазылған.

ДСМ Сауд Арабиясына сапарлап барудан бас тартуды ұсынуда | Strategy2050.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі республика аумағында жаңа коронавирус тудырған таяу шығыс респираторлық синдромымен (MERS-CoV) ауыру жағдайы тіркелмегенін хабарлайды.

ДДҰ-ның ресми мәлімдемесіне сәйкес бүгінгі күні әлемде аурудың 130 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 58-і өлім-жітіммен аяқталған.

Ауру жағдайлары бірқатар Таяу Шығыс елдерінде тіркелді: Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Сауд Арабиясы. Ішінара зертханалық расталған жағдайлар, сондай-ақ Италияда, Ұлыбритания Біріккен Корольдігінде, Солтүстік Ирландияда, Тунисте және Францияда  тіркелген.  Ең көп зақымданғандар Сауд Арабиясында.

Ауру жағдайлары науқас адамдарды күтетін адамдар арасында не Таяу Шығыс елдерінен оралған адамдар арасында тіркелген. 

Инфекцияның берілу тетігін зерделеу аяқталмағандықтан, адамдардың Таяу Шығыс елдерінде (Сауд Арабиясы, Катар және т.б.) болуы кезінде инфекция жұқтыру қаупі жоққа шығарылмайды. Сауд Арабиясы билігі созылмалы аурулармен, диабетпен ауыратын, АИТВ жұқтырған адамдарға елге сапарға шықпауды, ал науқастар мен қарт адамдарға осы жылы қажылыққа барудан мүлдем бас тартуды ұсынады.

Министрлік ағымдағы жылғы қазанда қажылық жасау үшін қажылыққа баратындардың жаппай сапары болатындығын ескере отырып, өте қажет болған жағдайларды қоспағанда мүмкіндігінше Сауд Арабиясына сапарға барудан бас тартуды ұсынады.

Таяу Шығыс елдеріне баратын адамдар мынадай бірінші кезектегі алдын алу шараларын сақтауы қажет:

-                     науқас адамдармен жақын қарым-қатынасты болдырмау;

-                     адамдар көп жиналатын орындарда болғанда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

-                     қолды жиі жуу, кір қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамау. Инфекция дәл осындай жолмен беріледі;

-                     ауыз су режимін сақтау, яғни тек ыдысқа құйылған суды ғана пайдалану.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Таяу Шығыс елдерінен оралған адамдардың назарын респираторлық аурудың белгілері пайда болған кезде тез арада дәрігерге жүгіну керектігіне аударады. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды